2019 жылдың 22 қарашасы күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қазақтың аяулысы перизаты, Өшпейді ешқашанда Фариза аты!» атты еске алуға арналған кеш өтті.
Іс-шарада қала мектептері мен Октябрь орта мектебінің оқушылары, Валерьян негізгі мектебенінің жас ұстаздары, қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері аяулы ақынның «Анама», «Сағындым», «Жұрт мені қатал дейді», «Жетімнің монологы», «Туған жер» және тағы басқа өлеңдерін оқыса, «Ару аналар» ансамблі «Жайықтың толқындары», Валерьян негізгі орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Осер Нина «Фариза, Фариза жан, Фариза қыз» әнін домбырада шырқады(барлығы 24 қатысушы). Шараны тамашалауға келген патша көңілді көрермен ақын туындыларын тыңдап, рухани азық ала алады. Қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Қараша айының басынан бастап мұражайда Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылатын «Жыр – менің жалғыз тарланым» шағын көрмесі жұмыс істеп тұр.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/651-aza-ty-ayaulysy-perizaty-shpejdi-esh-ashanda-fariza-aty.html#sigFreeIdd41904b755